Айыптыны тырп еткізбейтіндей дәлел. ~ Демек, осының барлығы Ер Жәнібектің қазақ жерінің шығыс қақпасын жаудан қорғаған орасан ерлігі мен жаужүректілігіне, аузымен құс тістеген шешендігіне бұлтартпас айғақ бола алады. Ж.Шәк. ~ Көп ұзамай Хайдар Алпамысовты Бас прокурор ығыстырып‚ жәй тергеуші қылды. Кінәсі — айыпты мойынға қоя алмағаны‚ бұлтартпас айғақ таба алмағаны. Қ.Түм. ~ Бұлжымас айғақ деген осы, қорықпа қозы сөзсіз қолға түседі, уақыты, жері қатарлыларды анықтап, акті жазып кет, – деді. Ж.Шәк.
