Posted in

БҰЛТ КӨБЕСІ СӨГІЛДІ

Аспан ашылып, күн шықты. ~ Сондықтан болар-ау, әлі күнге балықшы ауылдың кәрі-жасы қолын Қаражар жаққа сілтеп: “күн Кәлен үйінің тұсынан шықты” деп, немесе “жататын уақыт болды, ай, әне, Еламан үйінің үстінен ауып барады” деп, ал, ауа райын топшылаған біреулер “бұлт көбесі сөгілді-ау деймін, жаңа бір жұлдыз Судыр Ахмет қазбасының төбесінен жылт етті” деп отырғандары. Ә.Нұрп. ~ Құтқаршы мені мына тозақтан!” Екі қолымды көкке жайып еңірегенде, ыстық жас омырауымды жуды. Кенет көк аспанның тұңғиығынан суырылып, сауыт-сайманы жалт-жұлт ақша бұлттың көбесін сөге бір салтатты көрінді. Т.Сәу. ~ Ақжауын тыйылыпты. Тауды торлаған ауыр бұлт көбесі сөгіліп, күн көзі анда-санда жылт ете қалады. А.Алт. * Аспанның да көбесі сөгіліп, көгілдір қапталы көрінген екен: күннің зәрсіз күміс кірпігі сұңғақ, асқар еменнің басын шалып, етегіне ақ селдір шарбы орап кетіп барады. М.Сүн.