Осы қалпымен, осы күйі жалғаса берсе, осы бетінен таймаса д.м. * Қара сиыр бір сұмдаққа бастап жүр. Бұ бетімен не арам қатар, не біреуді арандатар. О.Әуб. * Ұрыс-керіс өршіп барады, бұл бетімен кете берсе, бірін-бірі өлтіруден тайынбас. Ал шайқаса қалса, мол шығын шығары да белгілі. БАҚ. * Бұл бетімен кете берсе қазақ тілінің құқығы бұзыла беретіні сөзсіз. БАҚ. * Жылан жалап жатқанда төңірегін, Еңірерім болмаса, не білемін? Садақаға шалынып, бұл бетімен Жер бетінен көше ме менің елім? С.Нұрж.
