Posted in

БҰРАЛҚЫ СӨЗ

Жорта айтылған қисық сөз, қыңыр әңгіме. ~ Талантты Рахаңның маңдайымен бірге таңдайына да берген екен. Нағыз ұрымтал сөздің ұстасы және бұралқы сөзге шаптырып әңгімені юмормен тұздықтап айтуы жосын. М.Тәж. ~ Көпшілік қауым диуананың бұралқы сөзі деп ойлап, өздерінше
мәз болып еді. А.Сей. ~ Мені шариғат емес, халық соты соттауға тиіс! – деді ол әлі де болса өжеттеніп. Бұралқы сөзді қойып, сұрағыма жауап бер! Б.Тоғ.