Posted in

БҰРЫШҚА ТЫҒЫЛДЫ

Жанын сақтауға тырысты, пана іздеді. ~ Бұ несі? Әлде апатайым Қоңырға дастан оқытып отыр ма?.. Әнеукүні қорқам деп еді, әлде қорқып бір бұрышқа тығылып қозғала алмай отырған шығар. Н.Сер. ~ Қалай екенін қайдам, жазу столын екі қабырғаның төрде қиылысқан жеріне көлденең қойып, өзі бұрышқа тығыла бері қарап отыр. З.Қаб. ~ Абажадай сарғыш стол, төрт сирағы төрт жаққа шатқаяқтаған сарғыш кресло, етженді еңгезердей сары әйел үшеуі де бұрышқа тығылып апты. Қ.Ысқ.