Жалқаулыққа бой алдырып, Қол ұшын ештеңеге тигізбеді, түк істемеді. ~ Тұманына тап келіп мұңның қалың, сайрамай ма кеудемде бұлбұлдарым? Сындырмадым демеспін бұта басын, ел қатарлы болып та тындырғаным? С.Им. ~ Осылардың көпшілігі тепсе темір үзетін азаматтар. Бірақ жаз бойы бұта басын сындырмай, қолындағы он шақты ұсағы мен екі үш қарасын сылтауратып, қоңыржай салқын жайлауды қызықтап қайтқандар. Енді, міне, жайлау қызығы, жаз жәрмеңкесі тарады. Қ.Жұм.
