Posted in

БҰТА ТҮБІНЕ БҰҚТЫ

Жасырынды, жан сауғалады. ~ Қатын екенсің!– дейді ол қызарақтап.– Аузыңды ашсаң, батырсынып күмпілдегенмен, басыңа сол іс түскенде, бұта түбіне бұға қоятын бұқпантайдың нағыз өзі екенсің. Ш.Айт. ~ Біздің түбімізге жеткен сендердің осы тоғышарлықтарың. Бас қосып бірігетін кезде, әркім өзінің амандығын ойлап бұта түбіне бұғып қалды. Қораны малға толтырса, қос–қостан қатын алса болғаны. Басқа дүние өртеніп жатса да бәрі бір. Ә.Нұрп. ~ Айсыз түнде ақсүйек жасырылады. Қараңғылықты пайдаланып, тышқан аңдыған мысықтай бұта түбінде бұғып отырған бір-бір жігіт көңілі кетіп жүрген күлім көздермен тілдесер сәтті тықырши тосады. Ү.Жлк. ~ Қарауылға қарап қойып бұта түбінде бұққан Ждақайдың да іште бұққан өз арманы бар. Ол — Балқия, орта бойлы дембелше келген ақ сарының әдемісі Балқия. С.Ел.