Posted in

БҰТҚА (БҰТЫНА) ТОЛДЫ

Мейманасы асып, танауын көкке көтерген, өркөкіректік, кердеңдік хақында. * Жас сұлтан, неге екені белгісіз, осындай қараптан-қарап бұтқа толып жүретін кердең мінезді жек көруші еді. Ә.Кек. * Хат жазып бермес бұрын Сұлтанмұрат өз-өзінен бұтқа толып біраз қиқаңдаған-ды… Ш.Айт. * Өздерінен өздері бұтқа толып кердеңдеп жүретін екі аяқтылар сенің ұзақ жылда бір келетін күйтіңді қайтсын! Ә.Кек. * Уақыттың дегеніне көніп, соның ығына жығылып, «көрер жарығыңды, берер ырысыңды ортайта көрме» деп аспанға алақан жайып, құрғақ қиялға беріліп, «бұтына толып, ісіп-кеуіп» жүрген бір жан жоқ. Қ.Жиен.