Posted in

БҰҒАЛЫҚ САЛДЫ

а) Уысына алды, ырқына көндірді. ~ Құсыман кесесін қоя беріп, еңкейіп барды да, қатар жатқан қос бауырсаққа «бұғалықты» бірден салды. К.Сег.
ә) Қысым көрсетті. * Ақтан (аз ойланып). Болам! Болып шығам!.. Көпшіліктің беті бұрылды. Ендігі бір қауіпті кісі Жәнеудің Жаманғалиы. Бұғалықты соған сал. Бір ұры неме ғой. Жалбырды жанына ертіп бұрқ-сарқымызды шығарып жүрмесін. Б.Майл. * Әкең нағыз атпал азамат еді! Соңына ергенін жарылқап, бұра тартқандарға бұғалық салып, бөгелек тигендей тыпырлатқан да сенің әкең – Батыр хонтайшы болатын. С.Смат.