Posted in

БҰҒАЛЫҚ ТҮСТІ

Құлдыққа түсті. * Әлде «Ақыр заман» болатындай, әлде күн біржола бататындай, жұрттың қабағынан қан жауып, нөсер алдындағы күндей, ішін тартып, булығып тұрған мәнісі осы еді. Туғалы жүген-құрық тимеген асаудай, асау азаматтың мойнына патшаның шынжыр бұғалығы түсіп, асаудай алқынып, дір-дір етіп, ет жүрегі шошып, үрейленіп тұр еді. Ж.Айм.