Posted in

БҰҒАНАСЫ БЕКІДІ (ҚАТАЙДЫ)

Өсіп, өркендеді; ер жетті, нығайды, күшейді. * Бұла көркі көз тартып, бұғанасы бекіді. Тарлан Тарбағатайдың тағы аюын да алды, бұла бөрісінің белін де үзді. А.Алт. * Ел әскерінің қанаты қатайып, бұғанасы бекіді. БАҚ * Бұрын ел көзіне момын көрінетін Беболдың бірте-бірте ұғанасы қатайып, ауыл арасындығы тұрмыс-тіршілікке бел шешіп араласа бастады. О.Сәр. * Өзің де білесің, мектеп бітірерде Берияның суретін атқызып тастаған соң, Хрущев екі жыл жұмыс істетті және дұрыс жасады. Сол екі жылда оң-солымызды таныдық, қабырғамыз қатып, бұғанамыз бекіді. О.Бөк.