Құлдықтан азат болды. ~ ШАЛАСАРТОВ (қатуланып): — Мұның бәрі – ескілік! Феодализм қалдығы! (Ызаланып, ерсілі-қарсылы жүреді.) Ескі бұғауды үзетін мезгіл жетті! Бүл жөнінде Кеңес өкіметінін қатал заңы бар (Кәмилаға оқыс бұрылып). Сол бұғауды алдымен үзетін сен бол, Кәмила! Б.Тоғ. ~ Өлдім дегенде тыныштықтың бұғауын үзіп, орнынан атып тұрды! аласа қаланған қар үңгірдің төбесіне төбесі тиіп құлап қалды. О.Бөк. ~ Пушкин мені алыстан іздеп келді, Бұғауларды жырымен үзбек те еді. Өз жанымен жанымды салыстырды, Көп ұқсастық көзінде тізбектелді. Ж.Молд. ~ Сондықтан ақын көре алмай қалған жұбайының өкінішін егіле жырлап, зұлымдық бұғауын бұза алмағанын күйініп айтады. Ә.Мар. ~ Қайдағы бір бұғауды бұзып, бостандық алған жандай гүлзардан ұзағанша қатты жүрді, бұрылып артына да қарамады. М.Сүн.
