Posted in

БҰҚА МОЙЫН

Желкесі күдірейген, мойыны жуан. * … ішпей мас, әрі нас елу шамасында жасы бар, қой сақтардың басындай басы бар, жай формының өзі сұп-суық бүйі секілді түксиген, бұқа мойын, өгіз құрсақ, алақан көз, жайын ауыз, добыра сақал, тоқпақ мұрын, бір түрлі нысаналы жануар еді. С.Тор. ~ Кереуетте Алатаудың шоқысындай біреу отыр. Басында қылтанағы жоқ. Медеу мұз айдыны секілді жап-жалтыр. Күмпиген иық жағына әрең сыйып, бұқа мойны баспен тұтасып кеткен. С. Ел.