Posted in

БӘЗ БАЯҒЫДАЙ

Тап сол бұрынғыдай; еш өзгеріссіз. ~ Атына мінді де кеңсе жаққа тартып отырды. Келсе, бәз баяғыдай төрде Мүлкаман әлдебір қағаздарды сапырыстырып отыр, босаға жақта Нағанай шотын шарт-шұрт қағады. Д.Дос. ~ Бұрын қайсысы қолды ертерек созса, соныкі еді. Редакцияда бір қатып сену бар. Машбюро жақтан жеткен берекесіз сартыл ғана бәз-баяғыдай. М.Қаб.