А) Жарамсақтана қызмет көрсетті, жік-жапар болып, асты-үстіне түсті. ~ Зайыбы ұя басқанда, байы жүреді бəйек боп: əлсін-əлсін келгіштеп, жарының жайын білгіштеп. Ж.Айм. ~ … көңіліне кірбең ілінбесін деп кемпір-шал екеуі бірдей қоғадай жапырылып, құрақ ұшты. Кәмиләның қабағын бағып, бәйек болды. Ғ.Біл.
Ә) Ғашық болды, ұнатты. ~ Ол (Мақпал) өзі асқан дарынды, әрі әнші, ақын, әрі шебер болған өнерлі қыз. Сегіз серімен бұл екеуінің біріне-бірі бәйек болуы «Ләйлә мен Мәжнүннің» ғашықтығы сияқты болған. Ә.Марғ. ~ Сегіз сері оларды тегіс аралап, салдық құрып жүреді. Әсіресе Бақтиярдың сұлу қызы Мақпалға бәйек болып, оны жан-тәнімен сүйеді. Ә.Марғ.
