Басы дауға ұшырады, шатақ шықты, кесірлі жағдайға тап болды. ~ Мимундың батырлары айғай салды, Бәлеге бейшаралар ендi қалды. БС. Бозжігіт”. ~ Себебі Қабылдың әйелі Назардың әйелімен бөле ғой, не деп отыр?.. Бәлеге қаларсың, ойбай! Бәлкім, Қабденге айтып көрерміз… Т.Әбд.
~ «Оу, қойсайшы»,— деген сөзіме пысқырып та қарамайды. Танауын далитып, екі қолын ерсілі-қарсылы ербеңдетеді. Бір бәлеге қалдым. Т.Берд.
Қырсық шалды. ~ Кейін малды қайта бөлгенде бізге жалы тұяғын жапқан қара бие тиді. Осы күнгі жылқымыздың бәрі соның тұқымы ғой. Жарықтық құт болып кірді. Сүйтіп жүргенде тағы бір бәлеге тап болдық. Т.Әбд.
Кесірлі жағдайға тап болды. ~ Мына қалыптарымен бір бәлеге ұшырайтындай көрініп, көңілге одан сайын үрей толтырды. Т.Әбд. ~ Таң да таяп қалды енді, кешіксең, сөз келуі мүмкін, – деп орынды ескертті келіншегі. — Есіңнен тастама мені, Мария Тереза. Ұмытпа! Ұмытсаң, бәлеге ұшыраймыз. Екеуміз де… — Мен сені күтемін, Любомир, қанша күту қажет болса да, күтемін. М.Кәр.
