Posted in

БӘЛЕСІНЕН АУЛАҚ

Біреудің залалы тиер деп сақтану. ~ Сірә, мұны ешкімнің де пайымдауға құлқы жоқ шығар, көбісінікі – бәлесінен аулақ. Өйткені көк желкесінен үңіліп үрей тұр. Н.Дәут. ~ «Көктемгі егіске әзірлік нашар», — деп жатыр хатшы. Қырына ілініп жүрерміз, бәлесінен аулақ. Б.Нұр. ~ Кепілдікке естияр баласын және мол ақша беріп алған Жақып досының жағдайы не болмақ?! «Қой, бәлесінен аулақ! Не көрсем де өзім көрейін. Арттағыларға ылаңым тимесін. Өлтіре қоймас, көп болса Итжеккенге айдар. Тірі жүрсем, елге бір оралармын…» Б.Тоғ.