Posted in

БӘЛЕСІН ҚАРА!

Әлдебіреудің әпербақандығын мінеу, мысқылдау. ~ Дәнеш үндеген жоқ. «Қаршадай болып, бәлесін қара», — деп шоферіне қарап қойды. Шынында да, Берікбол қыстауы онша алыс емес екен. Қ.Жұм. ~ Өзімді-өзім тежеп біраз тұрдым. Серігім есікті ашып кіріп келді. Сондай боларын алдын ала сезген екен ғой! Жап-жас болып бәлесін қарашы… Б.Тоғ. ~ Бұлар өзі – істемпаз, әр істің қыбын табатын халық қой, бәлесін қарашы… Әуелі Бишкектің де кореец жігіттерін қосып алыпты. Базарды да өздері жиналып, бірігіп ашыпты. З.Нұр.