Әлсіреді, екпіні басылды, қуаты азайды. ~ Жыл өткен сайын алаш қозғалысының дәуірі алыстап, аңсары бәсең тартқандай көрінгенімен де, қазақ елі үшін «мәңгілік ел» идеясы ешқашанда өлмек емес. Т.Жұрт. ~ Жерде жаяу борасын, Бәсең тартты ақ дауыл. «Пенде мендей болмасын!»- Деген дауыс кіжінді, Баяу соққан Ебідей. І.Жан.~ Әйткенмен екі-үш айдан соң немістердің екпіні бәсең тартқандай. Қызыл Армия табан тіреп соғысып, жауға тойтарыс беріп, кейбір тұста шабуылға шыға бастады. Т.Сәу.
