Posted in

БӘСЕ ДЕ (ДЕЙДІ, ДЕЙМІН-АУ, ДЕСЕЙ)

“Солай екен-ау”, “Расында да” д.м ~ Ал, осылай ойлаудың өзі күпірлік емес пе? Бәсе де? Қанша ақылы дария ғұлама бола берсін, адам зердесі жететін өре өлшеулі ғана. Ал, онан арғы дүние жұмбақ, құдырет ісі. Төбеңдегі көк зеңгір аспан да құдайдың құдыреті. Ә.Нұрп. ~ Сейсен болса, әне, құрдас-құрбыларымен ыржақтап күліп-ойнап, шөбін шауып жүр. Көк сиырдың алдынан Ержан шығады. Бәсе дейді, көктемде көк сиырдың сары уызын Ержан ғана кертіп жей ме? М.Қаб. ~ Ұйықтағаным жоқ, ой басып отырғаны рас… — Бәсе деймін, не ой осы сендегі? Бүгін бір түрлісің ғой? Ғ.Сл. ~ Бәсе деймін-ау, бұрын неге байланыс жасамаған?.. Телефонды Исатайға берейін. С.Ом. ~ Күні бойы қара сумен жүрек жалғап, ас ішпей жүргені ойына енді оралды. Бәсе десей! Д.Досж.