Posted in

БӘСІРЕЛЕП (БӘСІРЕ, БӘСІРЕГЕ) БЕРДІ

Біреуге атап берді. ~ Әне, сонда Қазанғап Едігеге ерулігің болсын деп үйректің балапанындай үрпиген, нәп-нәзік, әлі емшектен шықпаған шінжәу ботаға ен салып, бәсірелеп беріп еді. Сол болбыр ботадан Қаранар шықты ғой кейін. Ш.Айт. ~ Маған осы Қаранарды бота кезінде бәсіре бергеніңе өкініп жүрен жоқсың ба, бәле болып? — Қазанғап оған бір қарап, мырс етті. Едігеден мұндайды күтпеген сияқты. Ш.Айт. ~ Былтыр нағашы атам бәсіреге берген құла құнаныма жайдақ тоқым сала салып мен де кеттім. Қ.Мүб.