Тайталасты, жарысты, бәстесті. ~ Ал орталық тұста көбінше іргелесіп, кейде қабаттасып отырған жеті-сегіз қанат үйлер мен отаулар мол. Және барлық үйлердің киізінің ақтығы бәс таласқандай. М.Әу. * Жаппар одан алысырақ, есік жақта болғандықтан батыл сөйлеп отырыпты. – Енді Нұржанмен бәс таласпақпысың? – деп Бекназар тағы күлімдей қарапты. – Ол менің інім емес пе, бәс талассам несі бар! – дей берген Жаппарды кіші әкесі қолындағы шынымен беріп кеп жібереді. Қ.Шаб. * Бірақ, бекер жүген жетім «жын қуып кетеді ғой». Оқыса Нұржанмен «бәс таласуы да, молда көбейсе қойдың арам өлуі» де мүмкін. Қ.Шаб.
