Posted in

БӨКЕН ҚАБАҚ

Биік орналасқан, көтеріңкі қабақ. ~ Махаббаттан торыққан Ақан сұлулықты енді Құлагердің әдемі мүсінінен, бөкен қабақ жаудыраған көзінен, қаламының ұшындай әдемі құлағынан, салбөксе денесінен, бота тірсек, алмас тұнығынан іздейді. Ә.Мар. ~ Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ, Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ. Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды, Ой желке, үңірейген болса сағақ. Абай.