Жүріс-тұрысы ауырлап, отырып қалды. ~ Бәкизат тұрсын, қарт ана да басқа жаққа қоныс аудару керегін құлақ қағыс қыла бастады. Бұнысы, әрине, балалар басқа жақтан өріс іздеп талпынып жатса, аяққа оралып бөксе басар болмайын дегені ғой. Ертең Адай шал да көшеді. Ә.Нұрп. ~ Бұл елдің шамасы келгендері ойға-қырға көшіп жатыр. Бөксе басар кемпір-шалы барлар ғана ескі жұртта табан аумай отыр. Қарлы қара аспан басына түссе де, ата мекеннен іргесі көтерілмей, тістесіп отырған қос уыс халқына не істеді? Ә.Нұрп.
