Қуанышына ие бола алмай қалды. ~ Жер түбінен шауып келген хабаршысының әлі күнге екі езуін жиып үлгере алмай тұрғанына қарағанда, батыр бөркін аспанға атып жатқан сияқты. Бармай болмайды екен… Ә.Кек. * Бүгін қолы жеткен болмашы бірдеңеге мәз боп бөркін аспанға атқан адам ертең әлдебір шаруасы ойлаған жерден шықпаса, құдды суы тартылған көлдей көңілі пәс бола қалатыны не? Неге сүйтеді? Ә.Нұрп.* Әсіресе баяғы Шығайбайдың құрт-құмырсқадай өрген немента- шөментай ұрпағы – Мырқымбай Қарабайыштар жыртық бөркін аспанға атты. Т.Сәук. ~ Сөнсе де арман, аспаның күйіп, Сауапты бір іс бастадың біліп. Орта жүз бөркін аспанға атты, Әпекең мектеп ашқанын біліп. Б.Рай.
