Азан-қазаны шықты. ~ Бөрідей шулап, түнде өрген, Көздеді қанша сұр мерген. Р.Нияз. ~ Әттең білмедім ғой. Қара басып сенің үстіңе шығармын ба! Обалыңа қалдым-ау! Ана бөрідей шулаған немелер енді итше таласып, бәйгемізді бөлісе алмай жатыр. Оһ, ит өмір. Енді күреске шықсам, аруақ ұрсын, ант атсын!— деп Әліпқали алдында өзін кінәлі санаған еңгезердей Жасағанның екі иіні селкілдеп, балаша егіліп жылап отыр. С.Жүн. ~ Солай… Мынау кімдікі деп түстеп келгенде бәрі қашады. Ал біреуін ұстап көрші, бүкіл аудан бөрідей шуласын!.. Қ.Ысқ. ~ Зейнетке шыққан кісінің уақыты қисапсыз көп болатынын сендер қашан көргенше айналайын Жер мен Көктің арасындағы болжағыштар бөрідей шулап, таласа айтып, тосып жүрген топан судың келіп қалуы мүмкін. Ғ.Қаб.
