Жаудың есін шығара ойран салды. ~ Хан әскер шығарып ұрыс ашпаса да, шет ұлыстағы аусар жігіттер оқтын-оқтын бас біріктіріп барып, ойраттардың шеткері отырған ауылдарын бөрі тигендей бөрліктіріп кетіп жүруші еді. Ә.Кек. ~ Әлгінде ғана бұтқа толып келе жатқан сабаздарды бөрі тигендей бөрліктіріп, тым-тырақай еткенінен бір түрлі кеудесінің басына кептеліп тұрған зіл сәл де болса, жеңілейгендей көретін. Ә.Кек. ~ Шіркін, сол бір жылдар-ай десейші! Қаратаудың күнгей бетін, Алатаудың теріскейін туырыла жайлап жатқан қалың қалмақты бөрі тигендей бөрліктіріп еді-ау! Ә.Кек.
