Posted in

БӨСТЕКІ СӨЗ (ӘҢГІМЕ)

Жорта айтылған қаңқу сөз, бос әңгіме. ~ Ұйықтайық енді. Тынши түскен соң Анна басын жастыққа салды. Әлгі бөстекі сөзіме мән бермей – ақ қой. Жаны күйген әйел не демейді? Ол оқыс ұмтылып, жігіттің иығынан сүйіп алды. М.Кәр. ~ Рамазан танымал болмаса көрінгенмен әзілдесе бермейтін, бөтеннің сыртынан бөстекі сөз айтпайтын. Күлкінің объектісі қашанда өзі еді. Қ.Ысқ. ~ Көңілімде мүддем толып жатыр. Қайсыбірін тізе берейін. Бөстекі сөзбен басыңды қатырмай, тоқетерін айтайын…- Ойлы пішінмен үнсіз отырып қалды. С.Ом. ~ Тастыбай бөстекі әңгіменің ұзаққа соғылғанын жақтырмады. Болар– болмас қабағын шытты: — Тегін дүниені ұнатпаушы ем… Қ.Жиен.