Posted in

БӨТЕН КӨРМЕДІ

Қарсы болмады, теріс санамады, хош көрді. ~ Жаманбаймен көңіл қосқаныңды әуелден– ақ бөтен көрмейтін едім, бірақ енді мына масқараға ұшырап қалдың… Мұныңды әкең білсе, екеумізді де оңдырмайды, Жаманбайдың да қарасын өшіреді. С.Ом. ~ Қасымбекке ақтарыла құлап, ғашық болған еш нәрсем жоқ сияқты еді, былай жақсы таныстық, бөтен көрмедім, ол кетерден бұрын сөз салғанда ойланатын да едім… Т.Ахт. ~ Мені… Мені бір әдепсіз жанға саймасаңыз, тағы да кездесіп, әңгімелессек қайтеді? — Ауыл бұған не дейді, аға? — Бөтен көрмес… М.Сүн.