Арамдық, жаман ниет. * Балалық махаббаты тамашада Қызарып, ұялысып оңашада, Бір сағат көрісе алмай тұра алмаушы ек, Көңілде бір бөтен ой болмаса да. М.Жұм. ~ Көңіліне әлде бөтен ой кірді ме, Қалаға кетуге, әлде бой ұрды ма, Әлде онда менен өзге жары бар ма? Әлде қырдың қызығы тойдырды ма?! Ж.Айм. * Бұдан былайғы тірлікте Дәрмен мен Мәкеннің қолында тұрса, олармен тату-тәтті болмақтан бөтен ой, басқа мінез өзінен шықпайтынын саналы әйел жақсы аңғарды. М.Әу.
