Бақытын тапты, өмірі гүлдей жайнады. ~ Таңнан жетсем болмайтын ба еді, әттең-әттең” деп Ақан кінәлі жандай, іштей егіліп, бұл дүниедегі азаптан, қорлық пен мазақтан біржола құтылып, жаңа гүлі ашылған жастық шағымен мәңгі қоштасқан Күлназияның торғын жүзіне қайтып қарай алмады. С.Жүн. ~ Көкірегі алай-түлей. Бір қорланғаны аздай тағы да жаны тапталды. Жас өмірінің бір гүлі ашылмай ащы өксікке тұншығып көктей солғаны ма? Т.Сәу.
