Posted in

ДАБЫСЫ ЖЕР ЖАРДЫ

Атағы көпке тарады, даңқы асты. * Әбдірахман мектепті бітіргенде дабысы жер жарды. Өте зерек болған ғой, учительдері де мақтаса керек. Б.Майл. * Масаты кілем жамылған, Алтыннан қоңырау тағылған, Дабысы жер жарады. Жамб. * Дабысы жер жарған даңқты кезі бір оралып өтті қаперіне. Келесі сәтте білді, қыздардың неге бола арқандалып қал¬ғанын. С.Нұғ.