Posted in

ДАМЫЛ ЖОҚ

Тынымсыз, дем алмай, маза көрмей. * Қарлығашта дамыл жоқ: есі-дерті ұясы, бірі кетсе, бірі кеп, ақ қанаты дірілдеп, қос құйрығын қалақ қып, құртымтай боп құнтиып, бұғып қана қылтиып ұясына жатады. Ж.Айм. * Мөлиондаған көк сауытты кемелер Қытай теңізін шарқ ұрып, толқынды жосытып, күні-түні дамыл жоқ. Ж.Айм. * Тығыршықтай келген кіші-гірім тегенедей ғана бұлтиған қарны бар, қоңқақ мұрын қысық көз Бақтыбайдың аузында дамыл жоқ. С.Жүніс.