Жария қылды, жайып салды. ~ Жігіттер тысқа шығарда қаралы кейуана: — Қарақтарым, сәл аялдай тұрыңдаршы. Ішімнен жегідей жеп жүрген бір намыс бар еді. Соны айтып қалайын. Сендерге дат қылмағанда кімге дат қыламын! — деген. — Е, айтыңыз, шеше! Қадиша арызын айтып шықты. Т.Әл. ~ Шоңбай елде малдың көбейіп кеткенін дат қылды. Т.Әл. ~ Апырау, осы мына келіп қайтқан жаяуда бір сойқан болмасын деген бір ой қайтадан ширықтыра бастады. Осы күдік тыншымды алды да, ауылға барып жылқышыларға тілдескенге де дат қылмай, сол жаяудың өкше ізіне түсіп қудым да кеттім. Ж.Сәм. ~ Тұншығып шыққан өксікті үнді шермен көмбей, атоймен аспандат дегенің дұрыс. Жер ашуын ел– жұртқа дат етер мезгілді қапы жібермелік. С.См.
