Posted in

ДАУСЫ ТАРҒЫЛДАНДЫ (ТАРҒЫЛДАНА ШЫҚТЫ, ТАРҒЫЛ-ТЫРҒЫЛ ШЫҚТЫ))

Даусы бұзылып, жарықшақтанып шықты. * Вовка, жаным, қорықпа! Ешкімге бермеймін,— деп, даусы тарғылданып Алевтина Павловна жан ұшыра айқайлайды. Т.Ахт. * Осынша су түбіне жіберетіндей, сізге не жазығы болып еді? – деді даусы тарғылданып. – Адамдық қасиеттен осынша жұрдай болып, не құдай ұрды сізді? Т.Әбд. * Судаковтың қырылдақ даусы тарғылдана шықты. Келіншек таңдана бұрылды… нағыз бота көз. Көз астынан күлімдей қарайды. М.Сүн. * Менің екі- ақ балам бар, Орақ! – деді Мамай даусы тарғыл – тарғыл шығып. – Оны білесің бе?! – Әлі- ақ немерелі боласыз, Жәке. Ш.Мұрт. ~ Жолдастар! деді Балықбай. Даусы тарғыл-тарғыл боп, барылдап шықты. Жолдастар! Сөйлеген, иә айтқан шешендердің бәрі осы Алдабергеновты айтады, қол-аяғын жерге тигізбей мақтайды. С.Бақб.