Posted in

ДАУЫСЫ КҮМІС ҚОҢЫРАУДАЙ (КҮМІСТЕЙ) СЫҢҒЫРЛАДЫ

Құлаққа жағымды естілетін, жіңішке, сылдыр қаққан дауыс туралы. * Сосын Роза деген жұтынған бiр қыз шығып тұр. Шiркiннiң даусы күмiс қоңыраудай сыңғырлайды. Б.Алд. ~ ~ Қалипа карға аунаған түлкідей құлпыра, дауысы күмістей сыңғырлап, ерекше бір тартымды мінезде еді. АҚ “Арпаыспен…” ~ Өмірде бүйтіп әлсіздік танытпаған ғой Пахраддин. Кең иығы толқын ұрған талдай дір-дір етеді. Сирек сөйлейтін, сөйлесе дауысы құлаққа күміс қоңырау үніндей жағымды, тәрбиелі жан еді Сырға. С.Ел.