а) Құлаққа жеткен әлдебір үн, дыбыс туралы. ~ Қарындасы Қарлығаш Естіген екен құлағы: «Көкемнің даусы келді,— деп,— Бір нәрсе оған болды»,— деп, Шыдатпайды Орақты … А.Байт. (“Қ.Қ.Қоб.”) ~ Үй сыртына кеп түскен ат дүбірімен аралас, арсылдап үрген ит даусы келді. Сол иттерге айбар шеккен жүргінші дыбыстайды. М.Әу. ~ Жылқы кісінейді. Қара дауылда дүрліге шапқан қалың жылқының шошынып шыңғыра кісінеген даусы келеді құлағыма. Т.Ахт.
ә) Ән айтарлықтай қабылеті бар д.м. ~ Даусы келген-келмегеніне қарамай, өздері жақсы көретін әннің; әсіресе осы жолына бар жанын салып жатқан-ды. Ә.Нұрп.
