Жоқтау айтты, күңірене жылады, зар иледі. * Ақбілек алдына қарады. … Әнекей, өз үйінің иттері де ұлыды. … Мінекей, дауыс қылған қатындардың ащы айғайы құлағына келді. Жер-дүние күңіреніп дауыс қып тұрғандай болды. Ж.Айм. * Мүлде ес-түссіз жатырсың. Әкең үйде жоқ. Отырып алып, көкке қарап дауыс қылдым. Құдай-ау, осы шаңырақта жалғыз қалуға жазып па деймін… – Қалағанның осы тұста даусы жарықшақтанып, кемсеңдеп көңілі шын бұзылды. Т.Әбдік. ~ Жұрт гулеп кетті. Қолдап та жатыр. Қарғап та жатыр. Жамал бәйбіше дауыс салды. Екі қолымен бүйірін таянып, үрген местей етжеңді бәйбіше дауыс етіп теңселді. С.Ел. ~ Батар Күнді бағытқа алып көш тағы салдыртып кетті. Алыс жол, алды қараңғы сапар алдында аңырап дауыс еткен әйелдер жағының да үндері бірсін-бірсін толастап акыры көкірек айыра күрсініспен тыншыды. Жас, кәрі, қатын-қалаш енді неге де болса белді бекем буған түрлері бар. Түйенің итің ырғағы ғана жұртты бір қалыпты тербеп келеді. С.Ел.
