Әлдебір істің арты жанжалға ұласты. ~ Әзірге көршілес отырған Төртуыл мен Жұмық ішінде Бөкенің жаурынын жерге тигізген ешкім жоқ. Тек осыдан екі– үш жыл бұрын Керей ішіндегі бір аста Мамырбек төренің бас палуанымен итжығыс түсіп, оның арты үлкен дауға айналып кете жаздады. Қ.Жұм. ~ «Тентектiң бiр күн бүлдiргенi мың күндiк дауға айналар» дегендей бар кесiрлi дау– жанжал осы бiр оспадардың оқыс қимылынан басталып едi… К.Сег. ~ Атам заманда бітіп кеткен бір қырғын төбелеске тамсанып, кеңк–кеңк күледі. Көбіне әңгіме аяғы дауға айналып, сол арада кеу–кеулесіп қалып қояды. Біз жайымызға кетеміз. М.Қаб.
