Күмән келтірмейді, мойындайды. ~ Бұл елдерде «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Ер Тарғын» жырлары Сегіз серінікі деп саналады. Сегіз сері өз жанынан шығарған ба, жырау ретінде айта жүріп өңдеген бе, ол арасы дүдәмал. Ал «Қарлығаш», «Гауһартас», «Әйкен – ай» әндерін Сегіз сері шығарғанын тіпті дауға салмайды, түгел мойындап қойған». Н.Әбу.
