Қарсы сөйледі, салғыласты, келіспеді; шатақ шығарды.
~ Соның түбінен мін шығатын кез де болатын шығар! – деп, үндемей түнеріп отырып қалды. Дау айтқан кісі жоқ. М.Әуез. ~ Ішкі есебі – көп жерлерді аралағанын танытып, үстемдік алмақ. Әрі жол-жөнекей Әспет пікіріне дау айтып мін де тақпақшы. Бағдан еңкейе отырды. С.Шай. ~ Қожаның салты бір басқа, кержақтың салты бір басқа, – деп Сан Саныч жуаси отырып дау айтты. Қ.Ысқақ.
