Күмән жоқ, бәрі солай д.м. ~ Бұдан былай үңгірдің сенімді мекен болмасын Мерген жақсы біледі. Мылтықты, етті олжалап дәндеген қу бөгде біреу болса, үңгірге айналып тағы соғарына дау бар ма?! К.Сег. ~ Онда сізге мақтау айтуым керек болар. Бірақ оны осы жағдайға жеткізген, әрине, сіз екеніне дау бар ма? Әрине сіз кінәлісіз! О.Уай. ~ Сіз бізге жаманшылық ойламайсыз ғой, мәртебелі тақсыр, оған дау бар ма, бірақ үйде қалатын ешкім жоқ: қатын екеуміз барщинада жүреміз, ал мынау құртақандай болса да, сиыр қайырып, аттарды суғарып дегендей, септігін тигізеді. Л.Тол.
