Posted in

ДАУ ІЗДЕДІ

Шатақшыл, дау-дамай десе ішкен асын жерге қоятын, ұрыншақ, бәлеқор адам туралы. ~ Алыс-жақынның хабарына алдымен құлақтары түрік жүретін де сол. Өйткені, өткен-кеткен айдалада тұрған қойшыға соқпай кетпейді. Мал іздеп жүрсе, жоғының хабарын содан сұрайды, дау іздеп жүрсе, жан-жақтың хабарын содан сұрайды. Хабар сұрап тұрып, біраз хабар шашып кеткенін өзі де аңдамайды. Ә.Кек. ~ Тінәлі әкем жаққа жалбарына көз тастап, мына ардақты ақсақалдың оу бастан дау іздеген сөзіне тоқтау салуды ымдап тұр. Әкем бір күліп алды да. Аққұлдың әлгіден бергі ұзын сөзін бөліп жіберді. Б.Мом. ~ Онсыз да ел іргесі сөгілер, ер ұйқысы бөлінер қастықты тек ағайын мен жақыннан ғана көріп қоймай, анау дұшпан, жаттан тауып жатқанымыз да аз емес. Сырттан жау төнгенде, іштен дау іздегеніміз болмас. С.См.