Сүйекке сіңді әдетінен жаңылысты, үйреншікті ұстанымынан бас тартты. * Сырт жерге тексеріске шыққанда шылық-былықтан аулақ тұру үшін шақырған жерге қонаққа барудан тайсақтай беретін өзінің ежелге дағдысынан бұл жолы Қауғабаев жаңылып қалып еді… О.Сәрс. * Бұл ауыл биыл өзінше қылық танытты. Төл аяқ ғана Жем, Сағыз бойындағы жайлауларына қарай үдере көшу дағдысынан жаңылды. Ә.Спан.
