Posted in

ДАҢҒЫЛ ЖОЛ

Кең, түзу, тегіс жол; дұрыс, оң бағыт. ~ Даңғыл жолмен аңыратып кім келеді? Қызыл отаудың Қызылбикесі, қырғи бикесі, қыран бикесі келеді, басып кетер… Жаншып кетер… былай тұр жолдан… Ж.Айм. ~ Өзін Алла алдындағы жауапкершіліктен босатты. Бұ Дүниеде басына келгенін істеуге адам алдында даңғыл жол ашылды. С.Елу. ~ Өмірде кең, даңғыл жол қайда… Дауылдар, жауыңдар болмай ма? Бас қорғап жататын ондайда, Айтшы өзің, мен шымшық торғай ма?! М.Мақ.