Атағы шартарапқа жайылды; құрметке бөленді.
~ Күннің ыстығында келер алдағы оразаға дейін өткізбек асқа Ақанды шақыртып, даңқы жер жарған Құлагерін бәйгеге қоссын деп, арнайы шапқын жіберіпті. С.Жүн. ~ Аты жер жарған таңғұт әскері екі күннің ішінде сүйегі жиюсыз жайрап қалды. Ә.Кек. ~ Астанадағы оқымыстылардың бірісің бе, бірегейісің бе, әйтеуір, атағың жер жарады. Ә.Нұрп. ~ Қоңсы қонған көп ауылдың жастары лақабы жер жарып келе жатқан асыл қонағын қарсы алуға бір обаның басына жиналған. С.Жүн.
