Айқай-ұйқай, у-шу болып, дабырлады; есі кетті. ~ Ұзамады, мәз-мәйрам, Бастады у-шу той, мейрам, Үйдің іші даң болды. М.Жұм. ~ Неміс бірден киіп-жарып, мінекей Москваның түбіне келіп қалды. Осындайда ойланғанда басың даң болады. Т.Ахт. * Ауыл айналасы қалың қой. Қозы жамырап, иттер үріп даңғаза боп жатыр екен. М.Әуез. * Өздерің де соны патшаның баласындай әлдеқандай көріп тым еркінсітіп жіберіп едіңдер, ал енді қайтер екенсің, – деп, Сәрсекеңнің жалғыз басын даң қылды. М.Дул. * Рас айтады, қарт. Енді, ондай бастаушы және ерушілер шыққанша қашан!.. (Дуанаға.) Бұл менің басымды да даң қылып жүрген мәселе. С.Мұқ. * … күре жолдың бір бүйірін су алып, тау басына қайта көтеріп салды да жым – жырт жатқан Жөгердің жалғыз үйін даңғаза қып, жар жағасына қуып тыққаны мынау. Қ.Ысқ.
