Сабырсызданды, әлденеге қатты алаңдады. ~ Шал баласы билетке кетпей тұрып– ақ дайындала бастады. Өз– өзінен дегбірі кетіп, асып– састы. Қ.Түм. *Ау, ағайын не істеуіміз керек? – Мәтнияз дегбірі кетіп жұртты асықтырды. – Үстімізге жау келсе, кедей байыңды айырып тұрмас. Адамы өліп өшіккен қазақ не тыңдайды! З.Шүк. ~ Құрсақ көтергеннен екеуі де құрақ ұшып, тәңіріне күні–түні жалбарынып жүріп көрген жалғыз ұлы осы. Бұл қуанышты күнге жеткенше екеуі қанша толқып, қанша дегбірі кетпеді дейсің. Түн ұйқысын төрт бөліп, тілек тілеген кезеңдері де болыпты. Б.Мом.
