Posted in

ДЕГБІР ТАППАДЫ

Мазасы болмады, тыныш отыра алмады. ~ Таланған құлынды көргенше дегбір таппаған ол, әкесіне, тағы біреулерге еріп барса, оң жақ санының қоң еті үңірейіп ойылып қапты, жарадан қан сорғалап төңірегінің терісі жалбырап тұр!.. С.Мұқ. ~ Қайда? Қайда апарамыз? Жақын жер ме өзі? — Диқанбай дегбір таппай қалбалақтап қалды. Қ.Жұм. ~ Оны қолға қондырса, аймақ, облыстан өткелі тұр. Мүмкін бірімен- бірі тілдес, тамырлас шығар? Қанат Қонжандағы үйіне екі түнеді де, дегбір тапппай, ауданға аттанған. Т.Рыск.