Posted in

ДЕГЕНШЕ БОЛМАДЫ

Заматта, бірдеңе айтып үлгергенше. ~ Алып денелі сары жігіт маңдайынан тері бұршақтап, білек еті түйіліп, күшінің бәрін екі қолға жиып жіберіп, ап деп көтеріп тізесіне мінгізіп-ақ алса да қол тоқпақтай қара жігіт ұршығына үйіріліп, енді құлады-ау дегенше болмай табанымен жерге дік ете түседі. Б.Май. ~ Өз екпінімен сырғанап келе жатқан машинаның алдынан кенет атысқан-шабысқан бірдеңе андыздап шыға келді. Сен ес жиям дегенше болмай, машина гүрс етіп тұмсығымен соқты… Ә.Нұрп.